Алматы облысында сел қаупі 30-шілдеге дейін сақталады

Күні: 18:40, 27-07-2015.

Астана. 27 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысында сел қаупі 30-шілдеге дейін сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
«Ауа температурасының ыстық болып тұруы және 28-30 шілде аралығында жауын жауады деп күтілуіне байланысты Алматы облысының жекелеген өзендерінде жауын суы мен еріген мұздықтардың суы тасуы мүмкін, тауда сел қаупі сақталады», - делінген дүйсенбі күні таратылған дауылдық ескертуде.


Жаңалықтармен бөлісу: