Алматы облысының тауларында қар көшкінінің жүру қаупі 31 наурызға дейін сақталады

Күні: 11:27, 29-03-2016.

Алматы. 29 наурыз. ҚазТАГ – Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі наурыздың 31-не дейін сақталады, деп хабарлады Алматы ТЖД.
«Ауа райының жылы болуы мен қар қабаты тұрақсыз болуы себепті 29-31 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
ТЖД қар көшкінін тудырмас үшін тік тау бөктерлеріне шығудан тартына тұру керектігін ескертеді.


Жаңалықтармен бөлісу: