Алматы-Қорғас автокөлік жолы құрылыс жобасын 2016 жылы аяқтау көзделуде

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда Алматы-Қорғас автокөлік жолы құрылыс жобасын 2016 жылы аяқтау көзделуде, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.  

Хабарда айтылғандай, дүйсенбіде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, Алтынкөл станциясы, Қазақстан-Қытай халықаралық шекаралық серіктестік орталығы (ҚҚШСО) нысандарын аралады.

«Кеңес барысында Нұркент елді мекені негізінде жаңа қала салудың алғашқы кезегінің бас жоспары қарастырылды. Алматы-Қорғас автокөлік жолы құрылыс жобасын 2016 жылы аяқтау көзделуде», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  

Іс-сапар барысында Dubai Port World әлемдегі ірі логистикалық компаниясы бірлесе басқарып отырған, АЭА Құрғақ портының ағымдағы жұмыстарын дамыту, жобаларды жүзеге асыру барысы талданды. Онда Құрғақ порттағы жоба аясында контейнерлік алаң, теміржолдың кірме жолдары, қоймалар нысандары тұрғызылғаны айтылды.

«Құрғақ порт соңғы екі ай ішінде 10 мың ДФЭ контейнерлерін өңдеді. Сонымен қатар, жеке-дара өнімдерді қаптау, өңдеу жұмыстарымен де айналысады. Еуроодақ елдеріне және одан кері қарай ҚХР-на автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылған. Бұған жергілікті тұрғындар тартылған. Олар әлемнің көліктік-логистикалық жетекші компанияларынан іс-тәжірибе алмасып отырады», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, Алтынкөл станциясы арқылы транзиттік контейнерлік пойыздарды жасақтау және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да өнімдерді өңдеу мақсатында Hewlett Packard, DB Schenker, Toyota, FESCO, BRAVIS компанияларымен келісім шарттар жасалған.

«Қорғас» ҚҚШСО-да экспорттық импорт сауда операцияларын жасақтау және логистикалық келісімдер бойынша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бастады. Әлі 10 жоба сараптаудан өткізілуде. Алғашқы кезектегі жалпы инвестициялық жобалар көлемі 300 млн долларды құрайды.

adimage