Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ – Консальтингтік Mercer компаниясының зерттеулерінше Алматы шетелдіктер үшін ең қымбат қалалар рейтингінде 207 қаланың ішінде 94-ші орын алды.
2014 жылы Алматы 111-ші орында болатын. Баку 2015 жылы 46-шы орыннан 33-ші орынға, Ашхабад –198-ші орыннан 127-ші, Ташкент - 180-шіден 162-ші орынға көтерілсе, Киев 98-ші орынан 184-ші орынға, Ереван –187-ден 192-ге, Тбилиси – 194-шіден 198-ші орынға, Минск 191-ден 200-ші орынға түсті.
Бішкек былтырғыдан екі тармаққа түсіп, рейтингінің соңында – 207 орында.
ТМД қалаларының ішінде ең күшті өзгергені Мәскеу (ол 9-шы орынан 50-ші орынға дейін түсті) мен Санкт-Петербор (2014 жылы 35-ші орыннан 2015 жылы 152-ші орын) болды.
Рейтингі бойынша шетелдіктер үшін ең қымбат қалалар Луанда (Ангола), Гонконг және Цюрих. Одан басқа, ең қымбат қалалар топ тізіміне Женева, Бейжің мен Сеул кіріпті.
Рейтингі соңында Карачи (Пәкстан), Виндхук (Намибия) және Бішкек тұр.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың заңсыз тарту фактісін анықтады
20 Қыркүйек 2024, 12:43 -
Тимур Әбілқасымов ҚНРДА төрағасының орынбасары болып тағайындалды
20 Қыркүйек 2024, 12:31 -
Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды
20 Қыркүйек 2024, 12:19 -
Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды
20 Қыркүйек 2024, 11:59