Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Әскери экадрилия Алматыдан Астанаға орын ауыстыратын болды, деп хабарлады Қазақстан ұланының тыл жөніндегі бас қолбасшысының орынбасары Жандос Омарқұлов.
«Әскери эскадрилия Алматыдан Астанаға орын ауыстырады. Олар үшін әуежай маңында кезекті әскери қалашық салынады, оған ақшалай қаражат бөлінді. Оның құрылысын 2017 жылы аяқтаймыз деп ойламйын», - деді Ж. Омарқұлов журналистерге жұма күні.
Оның айтуынша, эскадрилия Ан-74, Ан-26, Ан-30 ұшақтары мен тікұшақтардан тұрады.
«Қаражат 3 жылға бөлінген, Т4 млрд шамасында. Әуежай маңында келес жылы құрылысты бастаймыз», - деді ол.
Ж. Омарқұловтың айтуынша, эскадрилияның бірінші кезектегі міндеті – жеке әскери құрамды тасымалдау.
«Керек жерге арнайы жасақтарды, оның ішінде арнайы мақсаттағы жасақты, оперативтік әскери бөлімшелердің жауынгерлерін жеткізіп отыру», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18