Алматыда 40 градустық ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Күні: 17:27, 09-06-2016.

Алматы. 9 маусым. ҚазТАГ – Алматыда +41 градустық ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласының  төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының ескеруінің негізінде 10-11 маусымда күндіз Алматы облысында өте қатты ыстық болады, кей жерлерінде +41 градусқа дейін болатынын ескертеді», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.
Сондай-ақ синоптиктер Ақмола облысында 10 маусымда күндіз +35 градус болатынын ескертеді.


Жаңалықтармен бөлісу: