Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда 95 адам, оның ішінде 42 бала кене шағуынан зардап шекті, деп хабарлады қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінен (ТҚҚД).
«2015 жылғы 1 сәуірге кене шағуының 95 оқиғасы тіркелді оның ішінде 14-ке толмаған жасөспірімдерді кене шағуының 42 оқиғасы тіркелді. Бұл ретте кене шаққандардың арасында кене энцефалитімен уланғандар жоқ», - делінген бейсенбі күні ҚазТАГ салған сауалға ТҚҚД берген жауабында.
Хабарда айтылғандай, Алматы мен қала маңында кене көп кездесетін жерлер қалалық бақтар мен скверлер, тау бөктерлері (Медеу шатқалы, Алмаарасан шатқалы, «Орман ертегісі» тынығу зонасы, Бутаковка және т.б.) саяжайлық массивтер. Сондықтан санитарлық дәрігерлер осы аумақтарға барғанда тығыз жатық киімдерді киіп, жәндіктерді шошытатын репелленттерді пайдаланып, тәннің ашық жерлерін жиі тексеру керек деп ескертеді.
«Егер тәніңізге жабысқан кенені тапсаңыз, оны ол жерден алып тастау қауіпті, себебі ондай жағдайда кененің басы тәнде қалып қоюы мүмкін және ол кенеде энцефалит вирусы бар-жоғын анықтау қиын», - делінген ТҚҚД жауабында.
Ондай кезде дәрігерлер шұғыл кене энцефалитіне қарсы серопрофилактиканы алу үшін қалалық бір травмоқосындарға баруды ұсынады. Ол қосындар: қалалық орталық клиникалық ауруханада (Бостандық ауданының халқына қызмет көрсетеді), қалалық балалар клиникалық ауруханасында (қаланың балаларына қызмет көрсетеді), №7-ші қалалық ауруханаға (Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының хылқына), №4-ші қалалық ауруханаға (Түркісіб және Жетісу ауданы), медициналық жедел жәрдем ауруханасы (Алмалы және Медеу ауданы), Алматы облыстық орталық республикалық ауруханасы (Алматы облысының халқына қызмет көрсетеді).
«Егер кене қаладан алшақ жерде шақса, және медициналық мекемеге жүгіну мүмкіндігі болмаса, кенені зақымдамай, абайлап алып, кене шаққан жерді антисептикпен өңдеп, 3 күннің ішінде емханаға бару керек», - дейді санитарлық дәрігерлер.
Алынған кененің түрі мен вирусы бар-жоқтығын анықтау үшін Алматы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының паразитология зертханасына немесе ғылыми-практикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингі орталығына апару керек.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45