Алматыда Ақан серінің домбырасы ғасырдан соң күмбірледі

Күні: 18:20, 07-09-2017.

Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ - Алматыда Ақан серінің домбырасы ғасырдан соң күмбірледі, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасымен алғаш рет күмбірлеп күй шертілді. Қазақтың халық ақынының ғасырлық тарихы бар музыка аспабын Мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған еді.
«Шығармашылық кеш барысында Ерлан Төлеутай Ақан серінің домбырасымен «Сырымбетті» күмбірлетті. Ақан серіге арналған шығармашылық кеште дәстүрлі музыка өнерінің өкілдері ақынның «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Балқадиша» және басқа да әндерін орындады. Алматының «Қала күні» аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық , жастар қатысты», - делінген хабарда.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жеке мәдениетіміз бен ұлттық кодты сақтауға үлкен мән берілгендігін, ал бұл еліміздің мәдени жетістіктерін бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Алматының мыңжылдық тарихы Мұражайы ашылып, 5 рет айтыс және ақындардың «Алтын домбыра» мен қазақ ұлттық спорттың «Ұлы Дала Ойындары» фестивальдері өтті.
Ақан сері – қазақ ән өнеріндегі қайталанбас тұлға. Ол 1843 жылы Солүтстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қоскөл ауылында туылған, қазіргі кезде елді мекенге Ақан сері есімі берілген. Ақан сері зор даусымен, музыкаға және поэзияға деген қызығушылығымен ерекшеленетін. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосты. Ұлы ақынның өмірі туралы екі томдық роман жарық көрді, оның авторы жазушы Сакен Жүнісов.


Жаңалықтармен бөлісу: