Алматыда қалалық сот ҚазТАГ-тың бас директорын үй қамауында қалдырды

Күні: 14:28, 06-04-2016.

Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда қалалық сот ҚазТАГ-тың бас директоры Әсет Матаевты үй қамауында қалдырды.
Ә. Матаевтың адвокаттарының оқшаулау шарасын өзгерту туралы өтініштері қабыл алынбады.
Адвокаттар тергеу аясында ақпараттарды жарияламау туралы қолхат беруі себепті сот шешімін түсіндіре алмады.  
Бұрын хабарланғандай, 28 наурызда сот Ә.Матаевқа қатысты 2 айға үй қамағын санкциялап, оған үйінен шығуға, кез келген байланыс құралын пайдалануға және әйелі мен балаларынан басқа тумаларымен, оның ішінде өзінің әкесі Сейтқазы Матаевпен қарым-қатынас жасауға тыйым салынды.


Жаңалықтармен бөлісу: