Алматыда «Алматы-2017 туры» веложарысы өткенде бірнеше көше жабылады

Күні: 13:24, 26-09-2017.

Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - 30 қыркүйекте және 1 қазан күні «Алматы-2017 туры» веложарысының кезінде бірнеше көшелер жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәселен, 30 қыркүйекте сағат 09.00-ден 10.40-ға дейін келесі көшелерде қозғалыс тоқтайды. Төле би кө-сінен Фурманов көшесіне дейін,  Фурманов көшесімен жоғары Сатпаев көшесіне дейін. Сәтпаев көшесімен Байзақов көшесіне дейін. Байзақовпен төмен Абай даңғылына дейін, Абай даңғылы бойымен Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсанмен  Төле би кө-сіне дейін; 10.40-дан бастап. Төле биден  ШААЖ және Аль-Фараби даңғылы.
Сондай-ақ, Алматыдағы «Арена» алаңына жақын көшелер сағат 13.30-дан 14.30-ға дейін жабылады, атап айтқанда, Момышұлы жабылады.
1 қазанда 09.45 бастап 10.05 сағатқа дейін Талғар транкты «Халық Арена»-дан бастап  старт басталғанша жабылады; сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін – ШААЖ бойынша айналма - Тұңғыш Президентінің саябағына дейін; 12.40-дан 14.40-ға дейін – Достық кө-сімен жоғары  «Медеу» ТМА-ға дейін, деді әкімдіктен.
Бұрын хабарланғандай, 30 қыркүйекте және 1 қазанда Алматыда Орта Азиядағы ең көлемді кәсіби веложарыстардың бірі болады, оған Қазақстаннан, Франциядан, Әзірбайжаннан, Ираннан, Малайзиядан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Латвиядан, Украинадан, Жапониядан, Италиядан, АҚШ-тан, Швейцариядан, Германиядан, Ұлыбританиядан және т.б. елдерден спортшылар қатысады. Барлығы 20-дан астам команда», - делінген сейсенбіде таратылған әкімдік хабарында.
«Тур Алматы» техникалық делегаты Пьер Хатсебауттың айтуынша, жарыс екі кезеңнен тұрады.
«Бірінші кезең ҚБТУ ғимаратының алдынан басталады – қатысушылар Төле би, Фурманов, Сәтпаев, Байзақов, Абай және Желтоқсан көшелері бойымен «қаланы айналып» шығады. Бірінші кезеңнің мәре сызығы «Алматы Арена» аумағында. Веложарыстың екінші кезеңі «Халық Арена» ғимарытының алдынан басталып, «ШААЖ-әл-Фараби» айналып, Тұңғыш Президент саябағынан «Медеу» ТМА –ге жетіп, мәре сызығынан өтеді», - деді ол.
Сондай-ақ, жарыс аясында веложарыстың барлық жанкүйерлері мен фанаттары үшін 28 қыркүйекте Astana Pro Team веложарысына қатысушылардың қолтаңба-сессиялары, конкурстар, қысқа қашықтыққа жүгіру түрінде интерактив ұйымдастырылады, ал 29 қыркүйекте командалардың ресми таныстырылымы мен веложарыс қатысушыларының ашық жаттығуы өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: