Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ – Алматыда атыс нәтижесінде 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«5 адам орталық аурухананың хирургия бөлімшесіне түсті», - деп хабарлады дүйсенбі күні ауруханадан.
Бұл ретте 12.50 сағатқа үш жарадар орталық қалалық ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ жаралылар медициналық жедел жәрдем ауруханасына (МЖЖА)жеткілді.
«Жарадар болғандар әкелінуде, олардың нақты санын білмедім, 5-6 адам», - деді МЖЖА-дан.
Бұл ретте, куәлардың хабарлауынша, атыс Гоголь-Масанчи көшелерінің қиылысындағы ҚР ІІМ 5571 скери бөлімшесінің маңында естілуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні Алматыда антитеррорлық операция жүргізілетіні жарияланды. Қалалық ІІД хабарлағандай, 18 шілдеде 12.20 сағатта Алматы қаласының аумағында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі енгізілді.
«Соған байланысты тұрғындарды өз үйлерін тастап кетпеуге, адамдар көп шоғырланған жерге бармау ұсынылады», - делінген хабарда.
Сондай-ақ полиция барлық күдікті тұлғалар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматының бірнеше ауданында атыс болды. Куәлардың айтуынша, атыстар Никольский базарының маңында естілді, оған жақын Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының ғимаратын күзет қоршауға алған.
Сондай-ақ Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратының маңында атыс естілді. Ведомство ғимараты да қоршаулы.
Одан басқа, тұрғындар Төле би көшесі мен Аблай хан даңғылы маңы да қоршалғанын, ол жерде де атыс естілгенін хабарлайды.
Бейресми мәліметтер бойынша атыс нәтижесінде қаза болғандар мен жарақат алғандар бар.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37