Алматыда Қазақстан журналистер одағының алтын медальдарын тапсыру салтанаты өтті

Алматы. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда Қазақстан журналистер одағының алтын медальдарын тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
«Құрметті әріптестер, бүгін  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған журналистерді марапаттау салтанатын өткізу үшін жиналдық. Бұл біз үшін қымбат күн, бұл қазақстандықтардың көптеген жылдарғы арманы болатын. Журналистер бұл салтанатты өткізуді де асыға күтті. Әдетте журналистерді марапаттау Журналистика күнінде өтетін, бірақ бүгін біз осы айтулы күн үшін ол дәстүрден сәл алшақтауды шештік», - деді Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы  Баян Рамазанова бейсенбі күні салтанатты марапаттау рәсімінде.  
Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағы төрағасының м.а. Тамара Калеева барлық марапаттың Сейтқазы Матаевпен келісілгенін атап өтті.  
«Қазір маған үлкен міндет жүктеліп отыр: Журналистер одағының жоғары марапаттарын ең үздік журналистерге табыстау. Әрине, біздің қасымызда, әзір көрінбесе де, Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та бар. Барлық марапаттар онымен келісілді, ешкім оған қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салған жоқ, ол бұрынғысынша біздің төрағамыз», - деді ол.  
Сондай-ақ, С.Матаевтың қазақстандық журналистиканың дамуына қосқан зор үлесін журналист Гүлжан Ерғалиева да атап өтті.  
«Мен қазір осы істі ары қарай жалғастырып алып кететін сондай тұлғаны көрмей отырмын. Ол Журналистер одағының төрағасы болып қала берсін және тезірек бостандыққа шықсын. Ал біз Сейтқазы мен оның ұлы Әсеттің тезірек бостандыққа шығуына бар күш-жігерімізді салайық», - деді ол.
Өз кезегінде «ДАТ» жобасының басшысы Ермұрат Бапи Журналистер одағы басқармасының соңғы отырысында Сейтқазыға сенім вотумы білдіріліп, БҰҰ адам құқығы комитетінде қылмыстық іс қаралғанша, Журналистер одағының төрағасы болып қала беретіні туралы шешім қабылданды.  
Хабарланғандай, Қазақстан Журналистер одағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Қимасов Александр (қайтыс болғаннан кейін) «ерен еңбегі және азаматық қоғамды дамытуға қосқан зор үлесі үшін» алтын медальмен марапатталды.
Сонымен қатар, алтын медальмен Одақ «ДАТ» медиа жобасының басшысы Бапи Ермұратты, журналист Сергей Дувановты, журналист Гүлжан Ерғалиеваны, құқық қорғаушы Евгений Жовтисті, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Сәрсенбаев Рысбекті, ресейлік экономист    Михаил  Хазинді марапаттады.
Сондай-ақ, Журналистер одағы «Құрметті журналист» атағымен 60-қа толуына байланысты Ибрагим Жүсіпқалиевті (Орал) марапаттады.
Оған қоса Қазақстан Журналистер одағының құрмет грамоталарымен журналистикадағы белсенді азаматтық ұстанымы үшін Мәдина Әлімханова, өзекті қоғамдық-саяси және экономикалық тақырыптағы видео-сұхбаттар топтамасы үшін – Лилия Игликова (ZONA.KZ медиажобасы), өзекті тақырыптарға арналған публицистикалық материалдар топтамасы үшін және Қазақстанда блогосфераны дамытуға қосқан үлесі үшін - Ботагоз Копбаева, Қазақстанның интернет-журналистикасын дамытудағы новаторлық бағыты үшін  – the-steppe.com медиажобасы, қазақ тілін дамыту мен игеруге қосқан үлесі үшін – ОрыSTAR интернет жобасы марапатталды.

adimage