Алматыда «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ көзімен» атты байқау жеңімпаздарын марапаттады

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Алматыда журналистер арасында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы ең үздік материалға «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ көзімен» тақырыбында республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттады
«Даму» қорымен ұйымдастырылған конкурс журналистердің экономика туралы көптеп жазуына септігін тигізеді. Ондай конкурсты өткізіп тұру керек, себебі әр сыйлық журналист еңбегін қоғам мойындағанын көрсетеді», - деді Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев сейсенбі күні марапаттау рәсімінде.
Мысалы, «Қазақ тілінде баспа БАҚ-тарындағы ең үздік жарияланым» атауында жеңімпаз деп қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Венера Миланқызы танылды. Осы атауда орыс тілінде - «Приуралье» газетінің журналисті Наталья Портнягина атанды.
«Қазақ тілінде интернеттегі жоба - ең үздік жарияланым» атауында ең үздігі деп «Казконтент» АҚ  «Қазақстан тарихы» порталындағы мақаласы үшін Астаналық Алтынбек Хумарзах танылды. Осы атауда орыс тілінде Алматылық Анна Видянова жеңімпаз деп танылды («Kapital.kz» порталы).
«Қазақ тіліндегі ең үздік бейнесюжет (телебағдарлама)» атауында жеңімпаз «Алматы» телеарнасының журналисті Әлия Алмауытова танылды. Орыс тіліндегі ең үздік бейнесюжетте Қостанайлық Татьяна Мороз («Алау ТВ» ЖШС) жеңімпаз деп танылды.
«Қазақ тіліндегі ең үздік радиосюжет (репортаж)» атауында ең үздік деп аймақтық кәсіпкерлік туралы хабарлар топтамасы үшін Раушан Сыбанжанова танылды («Халық радиосы»).
«Даму» қорының арнайы «кәсіпкерлікті қолдау мәселесін белсенді және білікті жазғаны үшін» атауында жеңімпаз деп Павлодар облысынан Ирина Волкова танылды («Звезда Прииртышья»).
Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы Т350 мың сыйақылық сертификат алады.
Байқауға Қазақстанның 15 қаласынан 91 журналист қатысты. Байқауға ұсынылған 500-дей мақала, бейне- және радиосюжеттен сегіз номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан журналистер одағы болды.

adimage