Алматыда бірқатар орталық көшелерді жаяу жүргіншілерге қолайлы етіп қайта жөндейді

Aлматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Алматыда бірқатар орталық көшелерді жаяу жүргіншілерге қолайлы етіп қайта жөндейді, деп хабарлады қала әкімі.
«Биыл әр ауданда 16 жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар жөнделеді, сондай-ақ Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңдары жаяу жүргіншілерге қолайды болатындай етіп қайта жөнделеді», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.  
Сондай-ақ Алмалы ауданында Дүйсенова көшесіндегі Аренский көшесінен бастап Гайдар көшесіне дейінгі жерлер, сондай-ақ Қарасай батыр көшесінде Аблай хан даңғылы мен Масанчи көшесіне дейінгі учаскесі қайта жөндеуден өтеді.
Бостандық ауданында Тимирязева көшесінде Есентай өзенінен бастап, Байтұрсынов көшесіне дейінгі 2,5 км аралықты қайта жөндейді.
Жоба бойынша, ол көшелерге тас төселіп, арықтар қазылып, орындықтар орнатылып, шарбақтар бұзылып, спорттық инвентарь, балалар алаңдары салынып, ағаштар, гүлзарлар отырғызылмақшы.  

adimage