Алматыда Чернобыль АЭС апатын жоюшы-жауынгерлерге ескерткіш ашылды

Күні: 14:34, 26-04-2016.

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда Чернобыль АЭС апатын жоюшы-жауынгерлерге ескерткіш ашылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстаннан Чернобыль АЭС апатын жоюға 32 мыңдай адам қатысса, олардың 5 мыңдайы Алматыдан болды. Біз олардың ерлігінің алдында бас иеміз», - деді қала әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков сейсенбі күні салтанатпен ескерткіш ашылуында сөйлеген сөзінде.
Осы шараға, сонымен қатар, Чернобыль ардагерлері одағының жетекшісі Рақымғажы Әбдікәрімов, Ресейдің Қазақстандағы консулының орынбасары Марина Клюкина, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шәйхутдинов қатысты.
«Үлкен өкінішке қарай, Алматыда тірі қалған, сіздер, (апат салдарын жоюшы-жауынгерлер – ҚазТАГ) 350 адам қалдыңыздар», - деді Е. Шәйхутдинов жауынгерлерге ұзақ өмір тілеп.
Сондай-ақ ескерткіштің ашылуына ескерткіш авторы Мирлан Әзмағамбетов пен сәулетші Қазыбек Жарылғапов қатысты.
«Ескерткіш биіктігі 4,5 метр, ені 4 метр. Дайындау мерзімі өте қысқа, бір айға жетпейтін болды, ал орналастыруға бір апта кетті. Жоғарғы жағында атомның шартты таңбасы, сол жағында соққыны алғаш алғандар - өрт сөндірушілер бейнеленді. Онда өрт жалынын сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер бейнеленді. Екінші бедерде апат салдарын жоюшылар: доза өлшегіштері бар тікұшақтар, қайта жабдықталған танкілер, крандар мен грейдерлер бар. Ортасындағы ортақ діңгек Атом стансасының құбырын білдіреді. Ол жолақ болып бөлініп, қара гранитпен бірлесіп, апаттың қайғылы сәттерін көрсетеді», - деді сәулетші Қ. Жарылғапов.  
Шара мемлекеттік гимнің орындалуымен, бір минуттық үнсіздіктен басталды. Кейін дәстүр бойынша, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Әр түрлі мәліметтер бойынша, ЧАЭС апатын жоюға 32,5 мыңнан (ресми мәліметтер) 75 мыңға дейін қазақстандық қатысты. Бүгінгі күндері Қазақстанда олардан 5 мың апат салдарын жоюшы-жауынгер қалды.
ЧАЭС апаты 1986 жылы 26 сәуірде болды. АЭС-тің төртінші блогының апаты жарылыс түрінде болды, реактор толығымен қирады, және қоршаған ортаға радиоактивтік дозаңды шашты. Бұл апат атом энергетика тарихындағы қаза болған адам өлімі саны мен келтірген экономикалық шығына жағынан ең орасан зор апат деп есептелінеді.


Жаңалықтармен бөлісу: