Алматыда деректі фильм авторлары панфиловшылар бағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді сұрап отыр

Күні: 15:07, 20-05-2015.

Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. «Алматы құпиялары» деректі фильм авторлары 28 батыр-панфиловшылар бағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге мұрындық болмақшы, деп мәлім етті деректі фильм жобасының авторы Жантемір Баймұхамбетов.
«Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін өте елеулі рұқсат алынуы керек. Ондағы шіркеудің тарихи құндылығы бар. Оның төңірегінде арнайы рұқсатсыз қазба жұмыстарын жүргізуге болмайды. Мен, осы деректі фильмді («Алматы құпиялары» деректі фильмін – ҚазТАГ) көрген соң рұқсат берумен айналысатын тиісті органдар рұқсат берер деп ойлаймын», - деді Ж. Баймұхамбетов.
Фильм авторларының мәліметтерінше, 28 батыр - панфиловшылар бағының жер асты жолдарында алтын иконостас, архиепископ Пименнің  мүрдесі мен басқа да тарихи құндылықтар сақталуы мүмкін.
Ж. Баймұхамбетовтың айтуынша, жоба авторларында қажет зерттеулерді жүргізе алатын мамандардан тұратын команда бар.
«Біз осындай жұмыстарды жүргізе алатын команда жинадық, ДНК талдама жасай алатын зертханалар бар. Біз Пименнің туыстарын да таптық, олар зерттеулер үшін ДНК үлгілерін бере алады», - деді ол.
Ж. Баймұхамбетовтың айтуынша, жоба авторлары мен Қазақстанның орыс православиелік шіркеуі тиісті меморгандарға бақта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат сұраған хаттар дайындап та қойған.  
Өз кезегінде Вознесенский кафедральдық собордың кілт иесі Александр Суворов, шіркеудің архиепископ Пименнің мүрдесін ашып көрмек ниетінің барлығын жеткізді.
«Біз мүрденің ашылуын, Верный епископы қасиетті Пименнің мәйітін алғанды қалар едік, бірақ ол бізге ғана байланысты емес, оған жаратушының еркі болуы керек. Собор Пименнің қызмет еткен жері ғой», - деді ол.
Бұл ретте А. Суворов Алматыда Вознесенский соборының маңында 1998 жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенін, бірақ одан нәтиже болмағанын жеткізді.
«1998 жылы қазба жұмыстары болған, бірақ одан нәтиже болмады. Рұқсат тек 4 күнге берілген, ал ол күндері археологтар түк те үлгермеді», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: