Алматыда қоғамдық көлікке жеңілдік беретін жол жүру билетін 1 наурыздан қалпына келтіріледі

Күні: 12:44, 27-01-2016.

Алматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүру билеттері қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2016 жылғы 1 наурыздан бастап 4,5 мың мүгедек балаларға, 23 мың 1-2 топтағы мүгедектер мен жанары нашарларға және 12 мың ҰОС ардагерлері мен соларға теңгерілгендерге тегін жол жүру енгізіледі. Жасы 18-ге толмаған 4 және одан да көп балалы аналар 50 пайыздық жеңілдік алады. Сондай-ақ 202 мың оқушыға жол жүру билеттері енгізіледі», - деді Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов сәрсенбі күні қалалық мәслихаттың V-ші шақырылымының 50-ші сессиясында.
Сондай-ақ 200 мың зейнеткер мен көпбалалы 7,5 мың аналарға Т2 мыңнан жол жүру билеттері беріледі, ал 202 мың студентке билет құны Т3 мыңнан болады.
М. Қиқымов жеке меншік тасымалдаушыларға халықтың әлеуметтік осал топ өкілдерін тасымалдауға Т2 млрд мөлшеріндегі көлік дотациясы енгізілгенін жеткізді.
Жол жүру билеттерін енгізілуі себепті қала бюджетіне өзгерістерді депутаттар бір ауыздан мақұлдады.
Бұдан бұрын қала әкімі Бауыржан Майбек Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру билеттері балаларға, студеттерге, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға қайтадан қалпына келтіріледі деген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: