Алматыда отыз шақты ықшамауданның атауы өзгертілді

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда отыз шақты ықшамауданның атауы өзгертілді, делінген қала әкімдігінің қаулысында және мәслихат шешімінде.
«Атаулары өзгертілсін: Алматының Алатау ауданы бойынша: «Алғабас-1» ықшамауданы – «Нұркент» ықшамауданына; «Алғабас-2» ықшамауданы – «Ботакөз» ықшамауданына; «Алғабас-3» ықшамауданы – «Ақмаржан» ықшамауданына; «Алғабас-4» ықшамауданы – «Ғажайып» ықшамауданы; «Алғабас-5» ықшамауданы – «Дарабоз» ықшамауданы; «Алғабас-6» ықшамауданы – «Зерделі» ықшамауданына ; «Заря востока» ықшамауданы – «Шапағат» ықшамауданына ; «Құрылысшы» ықшамауданы – «Самғау» ықшамауданына; «Трудовик» ықшамауданы – «Томирис» ықшамауданына» , - делінген сәрсенбіде жарияланған құжатта.
Алматының Әуезов ауданы бойынша: «Дубок» ықшамауданы – «Шабыт» ықшамауданына, «Дубок-2» ықшамауданы – «Атамекен» ықшамауданына , «Школьный» ықшамауданы – «Жазира» ықшамауданына, «Школьный-2» ықшамауданы – «Алмас» ықшамауданына, «Тепличный» ықшамауданы – «Қуаныш» ықшамауданына.
Бостандық ауданы бойынша «Алатау» ықшамауданы «Нұр Алатау» ықшамауданына , «Алмаарасан» ықшамауданы – «Архат» ықшамауданына өзгертілді.
Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша «Жайлау» ықшамауданы «Ғаламат» ықшамауданына өзгертілді.
«Алматы қаласы бойынша Бостандық, Медеу аудандарындағы: «Ремизовка» ықшамауданы – «Асқартау» ықшамауданына; Алматы қаласы бойынша Жетісу ауданындағы «Дорожник» ықшамауданы – «Көкмайса» ықшамауданына; «Первомайский» ықшамауданы – «Кемел» ықшамауданына өзгертілді», - делінген құжатта.
Медеу ауданы бойынша «Родник» баубақша қоғамдастығынан шығысқа қарай, «Қорғаушы-Защитник» баубақша қоғамдастығынан солтүстікке қарай орналасқан «Ақтөбе» ықшамауданы «Шарапат» ықшамауданы болып, «Горный садовод» баубақша қоғамдастығынан солтүстікке қарай орналасқан «Ақтөбе» ықшамауданы «Алтын» ықшамауданы болып, ал «Бутаковка» ықшамауданы «Мұзтау» болып өзгертілді.
«Алматы қаласының Наурызбай ауданы бойынша: «Алатау» ықшамауданы – «Байтақ» ықшамауданына; «Каменка-3» ықшамауданы – «Мейрам» ықшамауданына; «Қарағайлы-2» ықшамауданы – «Дария» ықшамауданына; Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша: «Колхозшы» ықшамауданы – «Нұршашқан» ықшамауданына өзгертілді», - делінген құжатта.
Еске салсақ, алматылық биліктің қаланың ондаған ықшамауданының атауын өзгертуді жоспарлап жатқанын ҚазТАГ ХАА 10 желтоқсанда хабарлаған еді.

adimage