Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – Алматыда прокуратура Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісін ерекше бақылауға алды.
«ҚР бас прокуратурасынан келіп түскен сіздердің С. Б. Матаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысының ашықтығы мен жариялығына бақылау жасауды өтінген ұжымдық өтініштеріңізді Алматы қаласының прокуратурасы қарады. Алматы қаласының прокуратурасы С.Б. Матаевқа қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу барысын ерекше бақылауға алатынын хабарлаймыз», - делінген Алматы қалалық прокуратурасының Қазақстан медиақауымдастығының ҚР бас прокуратурасына жасаған үндеуіне берген жауабында.
Бұл ретте ол үндеудің көшірмесі тергеу материалдарын БАҚ-тарда жариялағанда және кінәсіздік презумпциясының сақталуына шара қабылдау үшін жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының департаментіне бағытталғаны айтылады.
«С. Б. Матаевтың әрекеттеріне қатысты мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудан тартынуға қатысты, сондай-ақ кінәсіздік презумпциясын сақтауға қатысты айтатынымыз, Сіздердің үндеулеріңіздің көшірмесі оны қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қ. бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаментіне жіберілгенін хабарлаймыз», - делінген хатта.
Еске салсақ, биылғы 22 ақпанда Қазақстан журналистері С. Матаевты қолдап ҚР бас прокуратурасының атына үндеу қабылдап, оған қол жинауды бастады.
«Біз бас прокуратурадан осы іс бойынша тергеуді ерекше бақылауға алып, тергеу амалдарына барынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді талап етеміз. Біз, қоғамды тергеу барысы туралы үнемі және уақытылы хабардар ету, туындаған сұрақтарға нақты және екі ұшты емес жауап беру ғана өсек-аяңның тарап кетуінің алдын алып, алдын-ала кесіп-пішілмеген тергеуді қамтамасыз етіп, қоғамда кейін сауал туындамайтындай нәтиже беретініне сенімдіміз», - делінген үндеуде.
Бұл ретте заңмен кепілденген кінәсіздік презумциясын қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілген.
«Біз сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік басшыларының назарын заң бойынша адамды қылмыскер деп тек сот қана атай алатынына аударамыз. Сондықтан бүгін таратылған құжаттағы Матаевтың әрекетін «Матаевтар жасаған сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар ауыр болып табылады» деп баяндаудан тартынуды өтінеміз. Әдетте, прокуратура мен мемлекеттік қызметкерлер бізге, журналистерге, кінәсіздік презумпциясының барын ескертіп, сот шешімі шыққанша адамды кінәлауға болмайтынын айтып жатады. Алайда қазір біз ондай әрекетке мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің де барып жатқанын көріп отырмыз, ал оған Қазақстан заңнамасы тұрғысынан да, этикалық нормалар тұрғысынан да жол берілмеген», - делінген құжатта.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18