Алматыда сел жүруінің себебі - мұздықтардың астындағы қиыршық тас толған көлдердің ернеуін бұзып кетуінен

Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматыда сел жүруінің себебі мұздықтардың астындағы, қасындағы қиыршық тас, батпақ толған көлдердің ернеуін бұзып кетуінен, деп хабарлады Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин.
«23 шілдеде Безимянное қиыршық тас көлінің ернеуінің бұзылуы орын алды. Нәтижесінде 40 мың текше метр су ағып шықты. Сел ағысы Қарғалы өзеніндегі өзен бөгетіне дейін жетті. Қазірге селден қорғау құрылғылары тұрақты жағдайда, одан шлюздер арқылы су ағызу жүріп жатыр. Қарғалы өзенінде су ағысы секундына 10-12 текше метр болып тұр», - деді Ю.Ильин бейсенбі күнгі брифингте.
Оның айтуынша басқа да қиыршық тасты көлдердің бұзылу қаупі жоқ.
Ю. Ильин алда жауын жаууы мүмкін деп күтілуі себепті тау өзендерінде ағыс арта түсетіндігін, бірақ бір де өзенде сел ағысы өтеді деп күтілмейтіндігін жеткізді. Қазір қиыршық тасты көлдерден алдын ала су ағызу жүріп жатыр. Үлкен Алматы көлі мен №6-шы көлдер қауіп төндірмейді.  
Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 шілдеге қараған түні 03.00 сағатта Қарғалы өзеніндегі су деңгей көтеріліп, Қарағайлы және Таусамалы ықшамаудандарын сел ағысының тасыған суы басып жатқаны туралы хабар келіп түсті. 191 адам эвакуацияланды. Оперативтік штаб құрылды.

adimage