Алматыда ұшқыш Талғат Бегельдиновтың құрметіне мемориалды тақта ашылды
Алматы. 10 қараша. КазТАГ - Динара Жаркеева. Алматыда Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бегельдиновтің құрметіне мемориалды тақтаның ашылуы болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін аңызға айналған батырдың үйінің қабырғасында орнатылған мемориалды тақта – бұл аға буынның ерлігіне деген құрметтің аз ғана бір белгісі», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек сейсенбіде ескерткіштің ашылу салтанатында.
Шараға қатысып отырған ардагерлер кеңесінің басшысы Рүстем Қайдаров Мәскеудегі Поклонная горада (Тағзым тауы) Т.Бегельдиновтың мүсінінің ашылуы болатынын хабарлады.
«Генералдар кеңесі 9 желтоқсанда Мәскеудегі Поклонная города Ұлы Отан соғысының орталық мұражайының даңқ залында Талғат Якупбекович Бигельдиновтың мүсіні орнатылады. Мүсін дайын, 20-ларына таман Мәскеуге апарамыз», - деді Р.Қайдаров.
Шараға сондай-ақ, ардагерлер кеңесінің өкілдері, батырдың достары, жолдасы мен балалары қатысты.
Т.Бегельдинов – кеңес ұшқышы-шабуылдаушысы, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры.
Авиация генерал-майоры Т.Бегельдинов 93 жасында 2014 жылдың 10 қарашасында Алматыда қайтыс болды.