Алматыда шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады

Күні: 15:27, 06-10-2017.

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ - Қазан айының 9-ы мен 13-і аралығында Алматыда Балуан Шолақ атынддағы спорт сарайының кіші алаңында шайбалы хоккейден әйелдер арасында ел чемпионатының бірінші туры ойындары өтеді, деп хабарлады хоккей қауымдастығының баспасөз қызметінен.  
Ең алғашқы болып мұз айдынына алаң кожайындары алматылық "Айсұлу" Рудныйдың "Горняк" командасына қарсы шығады. Келесі ойын сағат 12:40-та «Томирис» пен «Айсұлу U-18» клубтары арасында өтеді.
Бірінші тур ойындары төмендегі кесте бойынша өтеді:
10 қазан:
10:00 - «Айсұсу» - «Томирис»
12:40 – «Торпедо» - «АйсұлуU-18»
11 қазан:
10:00 – «Айсұлу» - «Торпедо»
12:40 – «Томирис» - «Горняк»
12 қазан:
10:00 – «Томирис» - «Торпедо»
12:00 – «Айсұлу U-18» - «Горняк»
13 қазан:
10:00 – «Айсұлу» - «АйсұлуU-18»
12:40 – «Торпедо» - «Горняк»
Айта кетер жайт, алматылық «Айсұлу » хоккей клубының ойыншылары ұлттық құраманың басты мүшелері болып саналады. Өткен маусымда олар Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарына, сондай-ақ 2017 Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарына қатысқан болатын.
Қазіргі танда "Айсұлу" командасы ел біріншілігінің тұрақты көшбасышы болып саналады. Өткен маусымда чемпионатқа 5 команда қатысқан болатын. Олар «Айсұлу» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен), «Жұлдыз » (Алматы) және «Горняк» (Рудный).


Жаңалықтармен бөлісу: