Алматыда сот Сейтқазы Матаевтың үй қамауында болу мерзімін ұзартты

Күні: 17:37, 11-04-2016.

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда сот Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаевтың үй қамауында болу мерзімін 22 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Сот қаулы етеді: жедел тергеу тобының басшысы Сәкен Таубалдының Сейтқазы Матаевқа қатысты үй қамауына алу мерзімін 3 айға, яғни 22 мамырға дейін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылсын. Үй қамауында ұстау орны мен қолданылған шектеулер өзгеріссіз қалдырылсын», - деді №2 Медеу аудандық сотының судьясы Бауыржан Құншаев дүйсенбі күні.
Осының алдында С. Матаевтың адвокаттары өздерінің қорғауындағыға қатысты оқшаулау шарасы ретінде үй қамауы емес, кепілмен босатуды сұраған еді, себебі үй қамауы оның денсаулығына әсер етіп, және медициналық мекемелерге бару үшін тергеу тобының басшысы С. Таубалдыдан рұқсат сұрауы қажеттігін тудырып отыр. Ал тергеу тобының басшысы, әдетте, оған рұқсат бермеуде. Одан басқа, тұлға жасаған деген қылмыс ауыртпалығы оқшаулау шарасын қабылдауға жалғыз негіз болып табылмайды, ал С. Матаевтың тергеу амалдарынан жалтарып жүргенін растайтын ешқандай дәлел жоқ.  
Еске салсақ, 22 ақпанда ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев мемлекеттік қаражатты жымқырған және салық төлеуден жалтарған деген күдікпен ұсталған болатын. 24 ақпанда Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты оны үй қамауына алу туралы оқшаулау шарасын қабылдады. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры, осы іс бойынша тергеуге тартылған Әсет Матаев жемқорлыққа қарсу күрес қызметі оның және әкесінің конституциялық құқығын бұзды деп мәлім етті. С. Матаев пен Ә. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды теріске шығаруда. Олар шығын сомасы тиісті аудиторлық тексеріс жүргізілместен аталды деп отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: