Алматыда суретші Нағым-Бек Нұрмұхамбетовтың 90 жылдығына арналған альбомның тұсау кесері болып өтті

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Алматыда Ә. Қастеев ат. мемлекеттік мұражайда Қазақстан халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхамбетовтың 90 жылдығына арналған альбомның тұсау кесері болып өтті, деп хабарлады суретшінің қызы Мәриям.
Альбомның таныстырымында танымал мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Қазақстан Дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов, басқа да мәдениет қайраткерлері сөз сөйлеп, суретшінің еліміздің бейнелеу өнеріне қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Альбомда портреттер, пейзаждар, жанрлық композициялар, әр түрлі мұражайлар мен жеке коллекциялардағы шығармалардың репродукциялары, сондай-ақ суретшінің шығармашылық және өмір жолы туралы кеңірек түсінік беретін фотографиялар ұсынылған.
Н. Нұрмұхаммедов отандық өнер тарихы бойынша зерттеулер жүргізді. Ол «Қазақстан өнері», «Қазақстан графикасы», «Қожа Ахмет Яссави мавзолейі», «Соғысқа қатысқан Қазақстан суретшілері» атты еңбектер жазды.
Н. Нұрмұхаммедов 1924 жылы Павлодар облысының Баян ауыл ауданында дүниеге келді. 1940-1942 жылдары Алма-Атадағы Н. Гоголь ат. көркемсурет училищесінде оқыды. 1953 жылы И. Репин ат. Ленинград өнер, мүсін, және сәулет институтын, КСРО көркемсурет Академиясын бітірді. Профессор Р.Р. Френцтің соғыс сюжетті сурет шеберханасын тәмамдады. Ол Ұлы Отан соғысына қатысушы, Ш. Уәлиханов ат. мемлекеттік сыйлық лауреаты.

adimage