Алматыда Төле би көшесі бойынша қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты 24 қазанда қолданысқа береді

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Алматыда Төле би көшесі бойынша қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ енгізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  
«Жолаушыларды қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау сапасын жақсарту мақсатында Төле би көшесі бойымен Яссауи көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аралықта қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ белгілеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді», - делінген таратылған хабарда.  
Хабарда көрсетілгендей, арнайы жолақ 24 қазаннан бастап қолданысқа беріледі.  
Еске салсақ, Алматыда Желтоқсан мен Наурызбай батыр көшелері, Сүйінбай даңғылынан «Қалқаман» ықшам ауданының тұсындағы бұрылысқа дейін, Райымбек даңғылымен, Абай даңғылы бойымен және Солтүстік айналма жол бойымен қоғамдық көлік үшін арнайы жолақтар қолданысқа енгізілді.

adimage