Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда беймәлім адамдар «Адам bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны ұрып кетті.
Кеше кешкісін 22.00 сағат шамасында мен дүкеннен қайтап келе жаттым және подъездегі лифтің жанында қабағымнан, дәл көзімнің түбінен, біреу салып жіберді. Мен құлап түсіп, тіпті түсінбей де қалдым. Бір рет салып жіберді және сонымен бітті, ешкім де жоқ», - деді Г. Ерғалиева сәрсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол полицияға жүгіну ниетінің жоқ екенін айтты.
«Оларға не деймін? Оның үстіне кім екені де беймәлім. Және мен оларға принципті түрде шағымданбаймын. Оның пайдасы да жоқ. Оған қоса ешкімді де (көрген жоқпын – ҚазТАГ). Егер тым болмаса, сумкамды тартып алса ғой. Тіпті тонаушылық етіп те көрсеткісі келмеді», - деп түсіндірді Г. Ерғалиева.
Оның айтуынша, шабуыл оның кәсіби жұмысына байланысты болуы мүмкін.
Алматы ІІД-нен осы оқиғаға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме алу мүмкін болмады.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18