Алматыда өтетін Орталық Азия Кубогы аймақтың күшті шахматшыларын жинайды

Күні: 13:25, 16-11-2015.

Алматы. 16 қараша. ҚазТАГ—Насибджон Амони. Танымал Орталық Азия Кубогы жарысында Қазақстаннан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан мен Ауғанстаннан 76 күшті шахматшылар қатысады.
Бұл жарыс Халықаралық Шахмат Федерациясы FIDE, Қазақстан Шахмат Федерациясы және Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-ағарту қорының жетекшілігімен қарашының 20-30 аралығында Алматыда «Grand Hotel Tien Shan» отелінде өтеді.
25 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі жүлде қорын Халықаралық Шахмат Федерациясы FIDE берді.
Осы аймақтық жарыста жүлде үшін 76 шахматшы жарысады. Олардың ішінде 12-сі әйелдер мен ерлер арасындағы 12 гроссмейстерлер болып табылады.  
Жарыстағы рейтингі жағынан ең жоғарысы қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев ( 2606).  Бірінші орын үшін таласта одан басқа Нұртас Қажғалиев, Әнуар Исмағамбетов, Рустам Хуснуддинов, Жансая Әбдумалик(барлығы Қазақстан),  Фаррух Амонатов (Тәжікстан), Марат Джумаев, Антон Филиппов және Джахонгир  Вахидов ( Өзбекстан)
сынды гроссмейстерлер қатысады.
Осының алдында Душанбеде 2013 жылы 12-20 қазан аралығында өткен Орталық Азия Кубогында жас өзбекстандық гроссмейстер Джахонгир Вахидов жеңімпаз атанса, әйелдер арасында бірінші орынды Екатерина Айнутдинова( Қазақстан) алды.


Жаңалықтармен бөлісу: