Алматыдағы Шұғыла ауылының тұрғындары 100-ден астам үйдің құлатылуына ашулы

Күні: 15:17, 03-02-2015.

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Шұғыла ауылының тұрғындары Алматының Наурызбай ауданына қосылуынан кейін жүзден астам үйдің құлатылуына ашулы.  

«Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі жанында көркейіп келе жатқан ауыл 2014 жылы Алматы қаласына қосылғаннан кейін үлкен проблемаларға тап келді. 153,6 га көлеміндегі уческенің иесі пайда болды, ол жерде 100-ден астам үй орналасқан. Ал ол болса түрлі жолмен (сатып алу, қорқыту) үйлер мен іргетастарды құлатып жатыр», - делінген сейсенбіде баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз парақшасында.

Бұл ретте қоғамдық қорғаушы Қаламқас Байшүкенова ауыл тұрғындарының өз учаскелерінің құжаттарына қатысты мәселелердің де туындап жатқанын айтты.  

«2002 жылы «Каменский» асыл тұқымды мал зауыты әр жұмысшыға заңнамаға сәйкес 10 сотықтан жер бөлген. Жиналыс өткізілді, әр жұмысшыға 10 сотықтан учаске бөлу туралы бұйрық шығарылды. Бірақ олар құқықтарын бекітіп үлгермеді, себебі кейін асыл тұқымды мал зауытын қайта құру туралы үкімет қаулысы шықты. Яғни оларға жерді бөлген, бірақ құжаттары рәсімделмеген», - деп түсіндірді ол.  

Қ.Байшүкенованың айтуынша, 2006 жылы сот шешіміне сәйкес жердің 650 гектары «СоюзТехСервис» компаниясына «Каменский» асыл тұқымды мал зауытының қарызын жабу үшін берілген. Одан кейін жер иелері бірнеше рет ауысқан.  

«Мен бірнеше рет мұрағатқа, жер комитетіне, әкімдікке сұраныстар жібердім. Бірақ үкімет қаулысы мен сот шешімі негізінде «СоюэТехСервис» ЖШС-ға берілген кадастарлық істің өзі жоғалып кеткен.  Қазіргі таңда кадастарлық іс те, меншік құқығының пайда болу негізі де жоқ, бәрі жоғалып кеткен. Тек жаңадан меншік иелері пайда болып жатыр. 2013 жылы «ГазДевелопинг» ЖШС атынан да біреу келді, ол қоршап тастады, кейін белгілі болғандай, ол аталмыш жер учаскесін банкке кепілге қойған. Кейін оны бере салған немесе «Ақ Бота» ЖШС-ға сатып жіберген», - деді Қ.Байшүкенова.  

Қ.Байшүкенова түсіндіргендей, жаңа меншік иесі тиісті сот шешімі болған жағдайда ғана үйлерді құлатуға құқылы.  


Жаңалықтармен бөлісу: