Алматыда жаңбыр салдарынан 127 тұрғын үй мен ауланы су басты

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан 127 тұрғын үй мен ауланы су басты, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.  
«Барлығы су басқан 127 тұрғын үй мен аула тіркелді, оның ішінде ең көп суға кеткені Алатау ауданында – 87 жағдай, Наурызбай ауданы – 17 жағдай, Жетісу ауданы- 15 жағдай, Медеу ауданы – 5 жағдай, Түрксіб ауданы – 3 жағдай», - делінген сейсенбідегі хабарда.  
Су  басқан аудандарға төтенше жағдайлар департаменті мен бөлімдерінің жауапты кезекшілері жіберілді, олар қалыптасқан жағдайға баға беру үшін оқиға орындарын аралады.  
«Жалпы 18 тұрғын үй мен 109 ауланы су басқан», - деді баспасөз қызметінде.  
Қазіргі таңда оқиға орнында Алматы ТЖД өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару қызметінің жеке құрамы, «Құтқару қызметі -109», қаланың ТЖД ТЖ бойынша аудандық бөлімінің қызметкерлері, инженерлік қызмет, сумен жабдықтау қызметі жұмыс жасап жатыр.  
ТЖ жоюға 180 адам, 53 бірлік техника, 15 мотопомпа жұмылдырылған.  
Суға кеткен аумақтардағы суды айдау жұмыстары жүргізілуде.  
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

adimage