Алматыда журналистер Әсет Матаевтың өтініші мен арызын жеке бақылауға алу өтінішімен бас прокурор мен ЖС төрағасына жүгінді

Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева Жоғары сот (ЖС) төрағасы Жақып Асанов пен бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа ашық хат жолдады.  
«Сізден Әсет Матаев пен оның қорғаушыларының Қапшағай қалалық және Алматы облыстық прокуратурасына, сондай-ақ Алматы облыстық прокуратурасына жолдаған өтініштері мен арызын бейтарап және әділ шешім мен қаулы қабылдау мақсатында жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз», - делінген хатта.  
Бұл ретте түсіндірілгендей, аталмыш хатты жазуға Қапшағай қалалық сотының Ә.Матаевты жазалау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартуы себеп болған.  
«Біз сізге Қапшағай қалалық сотының негізсіз шешімінің салдарынан жүгініп отырмыз, ол 16 наурызда заңды негіздерін түсіндірместен «ҚазТАГ» халықаралық агенттігінің бас директоры Матаев Әсет Сейтқазыұлының жазасын жұмсартудан бас тартқан», - делінген хатта.
Хат авторлары атап өткендей, қазір ол жатқан мекеменің әкімшілігінің келісімін қоса алғанда  Ә.Матаевты қоныстану-абақтысына ауыстырудың барлық талаптары мен шарттары сақталған,
Хат авторлары сот органдарының әрекеттерін азаматтық ұстанымы үшін журналистті қудалаудың жалғасып жатқаны деп санайды. «Матаевтардың резонанстық ісінің Жоғары сот пен бас прокурордың бақылауында екені белгілі.  Олардың өтініштері бойынша жергілікті жердегі сот пен прокуратураның шешімдері жоғары тұрған органдармен келісіледі.  Біз мұндай беталысты барлық тармақтары бойынша айыптауды теріске шығарған, кінәларын мойындаудан және кешірім сұраудан толықтай бас тартқан журналистердің азаматтық ұстанымы үшін қудалаудың жалғасы деп білеміз», - делінген құжатта.  
Бұған дейін хабарланғандай, 16 наурызда Қапшағай қалалық соты себебін түсіндірместен, Ә.Матаевқа абақты әкімшілігінің келісімі мен прокурордың қандай да бір қарсылығының болмауына қарамастан  жазалау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.  
Еске салсақ, журналист Ә.Матаев 2016 жылдың 3 қазанында алаяқтық жасаған-мыс деген айыппен 5 жылға сотталды.  Оларға тағылған айыптар барлық тармақтары бойынша теріске шығарылды, ол кінәсін толығымен мойындаған жоқ. Бірқатар халықаралық және құқыққорғаушы ұйымдар қаржы полициясының қылмыстық қудалауы мен сот үкімін тапсырыспен жасалып отыр және саяси астары бар деп санайды.  

adimage