Алматыда жыл басынан бері кене энцефалитімен аурудың 4 оқиғасы тіркелді

Күні: 11:37, 18-06-2015.

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Алматыда жыл басынан бері кене энцефалитін жұқтырудың 4 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінен (ТҚҚД).
«Алматыда 2015 жылдың 5 айында адамдардың кене энцефалитімен аурудың 4 оқиғасы тіркелді. Қала маңында кене шаққан науқастар дер кезінде ауруханаларға жеткізіліп, емделудің толық курсын алды. Стационарлардан сауығып шықты», - делінген ҚазТАГ салған сауалға бейсенбі күнгі берілген жауапта.
Одан басқа, ТҚҚД мәліметтерінше, ағымдағы жыл басынан бері қалалық медициналық мекемелерге кене шағуынан зардап шеккен 1988 адам келсе, олардан 1460 адам 14-ке толмаған балалар болды. Олардың барлығына шұғыл түрде кенеге қарсы иммуноглобинмен серопрофилактика жүргізілді.
Бұл ретте ведомство мәліметтерінше, әзірге қала аумағында кенеге қарсы зарарсыздандырудың 2 турлық жұмыстары әлі басталған жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: