Алматының 1000-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейлі даталар тізіміне енді

Күні: 13:11, 22-07-2015.

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ЮНЕСКО мерейлі даталар тізіміне Алматының 1000 жылдық мерейтойын қосты, деп хабарлады ҚР ҰҒА академигі Карл Байпақов.
«Осы күндері орын алған тағы бір маңызды оқиға – ЮНЕСКО-ның мерейлі даталар тізіміне Алматының 1000 жылдық мерейтойын қосылуы. Алматыға Верный қорғаны салынғалы бергі 150 жыл емес, 1000 жыл болғаны бұрын-ақ дәлелденген. Біздің қаламыздың көнеден келе жатқандығы – мұсылман ренесансының орасан дәуірін қамтиды, оның ішінде ол қазір бүкіл әлемде Қазақстанға деген қызығушылық туындап отырғанын көрсетеді», - деді К. Байпақов сәрсенбі күнгі брифингте.
Бұл ретте ол «Алматы туристердің Меккесіне айналуы керек» екенін қосып айтты.
«Түркістан мен Отрарға қазірдің өзінде туристердің үлкен легі барып жатыр. Бірақ Алматы да туризмнің үлкен торабы болуына барлық негіз бар. Боралдай қорғандары зерттеліп жатыр. Яғни, үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазір ЮНЕСКО институтын ашу туралы ой бар, ол мәдениет достастығымен ашылады, бәлкім Жібек жолы деп аталатын болар, ол әлі нақты емес, бірақ ғалымдардың, зерттеушілердің, еліміздің жұртшылығының алдынан ашылатын келешек біздің дұрыс бағытта екенімізді көрсетеді. Біз мәдени мұрамызды сақтап отырмыз, зерттеуді дамытудамыз. Бұл үлкен мәні бар нәрселер», - деп тұжырымдады К. Байпақов.
Сондай-ақ ол ЮНЕСКО жұмысы Ұлы Жібек жолымен ғана шектелмейді деді.
«Қазір дүниежүзілік мұрағаттар тізіміне Ұлы дала ескерткіштерін енгізу идеясы пісіп жетілді. Ұлы дала – қазақ халқының шыққан бесігі. Ұлы даланың ескерткіштері бәрінің де жадында. Меніңше, олар да жақында тізімге енеді, оларға мағлұматтар жиналады, олар – Берел, Есік – олар Қазақстанның тарихи бейнесі, ол – Алматыдағы Боралдай. Сақ дәуірінен қалған толып жатқан ескерткіштер – ол біздің тарихымыздағы ерлік кезең. Ол да ЮНЕСКО тізіміне енгізіледі», - деді ғалым.
Қорытындысында ол «ЮНЕСКО жұмысы үнемі кеңейіп отырады» деп толықтырды.
«Біз әлемнің кең сақнасына шығу керектігімізді түсінеміз», - деп қорытындылады К. Байпақов.


Жаңалықтармен бөлісу: