Алматы. 14 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматының 1000 жылдығын тойлау 2016 жылғы «ЮНЕСКО-ның естелік күндер күнтізбесіне» енді, деп хабарлады Алматы тарихы мұражайының PR-менеджері Әсел Билібаева.
«ЮНЕСКОН-нвң 38-ші бас конференциясының шешімімен Алматының 1000 жылдығын тойлау 2016 жылғы «ЮНЕСКО-ның естелік күндер күнтізбесіне» ресми түрде енді. Жазба және археологиялық дерек көздерін зерттеу негізінде ғалымдар ғылыми түрде Алматының тарихының басталуы X-XI ғасыр екенін дәлелдеді. Ол дегеніңіз ғаланың мың жылдық тарихы барлығын көрсетеді», - делінген хабарда.
Бұл ретте Алматының жасы «адам баласының Алматы маңын қола және ерте темір дәуірінде игере бастауы емес, мұнда ғылымда қабылданған қала ұғымына сай келетін елді мекендер пайда болған мезгілден алынады».
Сөйтіп, Алматының мерей тойына арналған қаланың 1000 жылдығын тойлау шаралары мен халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында, 15 қыркүйекте «Алматыға 1000 жыл» атты көрме ашылады. Көрмеге Алматы тарихы мұражайының ерекше коллекция жәдігерлері қойылады.
Қатысты сілтемелер
-
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39