Алматының бес ауданында коронавирустың 10 ошағы анықталды

Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ – Алматының бес ауданында коронавирустың 10 ошағы анықталды, деп хабарлады ауруға қатысты хабар тарататын қалалық биліктің ресми Telegram-каналы.
«Алматыда Коронавирустың 10 ошағы анықталды: Алмалы ауданы – үш; Медеу – үш; Түрксіб – екі; Жетысу – екі; Алатау – екі. Осы ауру ошақтарының барлығында коронавирустың ары қарай таралуының алдын алу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар жүргізілуде», - делінген жұмадағы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 219 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 7,8 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 49 дерегі расталды (22 - Алматыда, 25- Нұр-Сұлтанда, Қарағандыда - 2). Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда президент Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай енгізуге қаулы етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді.
18 наурызда ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды 3,5 аптада емдеп шығуға ниетті екендерін мәлімдеді.

adimage