Алматының тау бөктерлерінде қалыңдығы 35 см болатын қар жауды

Алматы. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда 9 сағатта 12 см қар жауса, тау бөктерлерінде қардың қалыңдығы 35 см болды, деп хабарлады қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.  
Қалада қар тазалауға 535 арнайы техника тартылды. Тағы 150 көлік құрылыс компанияларынан тартылды.
9 сағатта Алматы көшелерінен 4,5 мың текше метрдей қар тазартылды.
Алматыда сейсенбі күні таңертең қар жауа бастады. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Алматыда 31 қаңтарда ала бұлтты болып, таңертең және күндіз тұман түсіп, 0-5 м/с жел соғып, ауа температурасы +1+3 болды.

adimage