Алтын адам мен Қазыбек бидің қалпына келтірілген шапаны Қарағандыға жеткізіледі

Күні: 17:24, 19-09-2017.

Қарағанды. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Алтын адам мен Қазыбек бидің қалпына келтірілген шапаны Қарағандыға жеткізіледі, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Атадан қалған асыл мұра» атты көрме өтеді. Өзінің жәдігерлерін Сарыарқа төріне ҚР Ұлттық мұражайы алып келмек.
Елордамыздан Қарағандыға 70 бірегей жәдігер жеткізіледі. Көрмеде б.э.д. V-III ғғ. Алматы облысы, Есік қорғанының жауынгері, Қазақстан Тәуелсіздігінің символы Алтын Адам, коллекционер Азат Әкімбековтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы жауынгер қару-жарақтары, белдік пен республиканың әр түрлі аймақтарында табылған ХІХ-ХХ ғғ. ат әбзелдері көрсетіледі.
Экспозицияның орталық бөлігінде ұлы оратор және қоғам қайраткері «Қаздауысты» Қазыбек бидің шапаны орын алады, бұл экспонат Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, Қазыбек бидің тікелей алтыншы ұрпағы Алтын Қожахметовпен сақталынып және берілген. Шапанды қайта қалпына келтіруге екі жыл жұмсалған. Қалыпқа келтіруші Тұрсынкүл Жайлаубаева шапанды жөндеп тігу барысында Бұхарадан өзі алып келген алтын және күміс жіптерді пайдаланған.
Сонымен қатар Қазақстанның қазіргі заманға танымал суретшілерінің көркем суреттері ұсынылған: Т.Тоғызбаевтың «Төле би», «Қазыбек би» және «Әйтеке би» триптихтері, А.Сыдыхановтың «Қарасай» ұраны», А.Дүзелхановтың «Алтын адамы», Е.Төлепбайдың «Аңырақай» монументалды және сәндік көрме суреттерінің эскиздері, М.Калимовтың «Абылай хан» портреті және тағы басқа.
Көрменің мақсаты - өңірлердегі мәдени байланыстарды нығайту, музей ісін кеңейту. Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Көрме 21 қыркүйекте 12:00-де Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: