Алматы. 11 шілде. КазТАГ – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаков ауылында Ыбырай Алтынсарин атындағы саябақ пен мұражай ашылды, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ-тар.
«Щербаков аулының тұрғындары үшін бүгін ерекше күн. Мұнда өздерінің атақты жерлесінің білім саласындағы жетістіктерін насихаттайтын көптен күтілген мұражай ашылды. Мұражайда ұлы ағартушының жеке мүліктері, ондаған көне жәдігерлер жиналған. Олар Ыбрай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы және халық білімі жүйесінің дамуы туралы айтып береді», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Нақтыланғандай, мұражай жергілікті мектеп қабырғасында орналасты.
«Мен қазір Ы. Алтынсарин мен М. Хакимжановалар қолдарымен ұстаған заттарды көре алатынымды мақтан тұтамын. Осы мұражай орналасқан ауыл мектебі атақты ағартушының туысы болып келетін ақын апайымыз Мариям Хакимжанованың атында. Биыл мектеп өзінің 110 жылдығын атап өтеді. Қазақ әдебиетін дамыту бағытында еңбек еткен жазушының шығармашылығына мұражайда ерекше орын берілген», - деді ауыл тұрғыны Мәдина Әбішева.
Алтынсарин ауданының әкім аппаратының жетекшісі Рустам Садықовтың айтуынша, «көптеген жәдігерлерді халық берді, олардың біразы шынымен де ерекше. Мысалы, Ы. Алтынсари туылған жердегі мемориалдық тақта, сондай-ақ тұрмысында қолданған Мариям Хакимжанованың жеке бұйымдары бар. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін көрсететін өте көне заттар да бар».
Одан басқа, Шербако аулында Ыбырай Алтынсарин атындағы жаңа мәдениет сарайы мен демалыс саябағы ашылды.
«Саябақ құрылысына жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді. Оны абаттандыруға ауыл кәсіпкерлері көп көмек көрсетті», - деп атап көрсетті Р. Сыдықов.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18