Ғалымдар Каспий итбалықтары құрып кету қарсаңында, деп мәлімдеп отыр

Күні: 09:18, 23-12-2015.

Алматы. 23 желтоқсан. ҚазТАГ – Әзербайжан Ұлттық академиясының геология және геофизика институты Каспий итбалықтары құрып кету қарсаңында, деп мәлімдеді, деп хабарлады Trend.
Институт мәліметтерінше, соңғы 120 жылда итбалықтардың саны әр түрлі себептермен 1 млн-нан 104 мыңға дейін қысқарды. Соңғы 20 жылда итбалықтардың саны 2 есеге қысқарды. 90-шы жылдар соңына Каспий теңізінің әр 2 шаршы километріне 1 итбалықтан келетін, қазір әр 4 шаршы км-ге бір итбалықтан келеді.  
Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) 2008 жылы итбалықтардың осы түрін «Қызыл тізімге» енгізді.


Жаңалықтармен бөлісу: