Ғалымдар Қорқыт ата шығармаларын неміс тілінде жариялауды жоспарлап отыр

Күні: 10:57, 19-10-2015.

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – Анкарада «Қорқыт ата кітабының» Дрездендік тізімінің табылуының 200 жылдығына арналған, түркі халықтарына ортақ  IX ғасыр аңыз-жыр айтушысы әрі композиторы Қорқыт ата шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті, деп хабарлады мемБАҚ-тар.
«Түркі әлемінің, еуропалық және азиялық өңірдегі танымал түрколог-ғалымдар, белді этнологтары мен этнографтары осы бір аты аңызға айналған тұлғаның шығармашылығын зерттеу нәтижелерімен ой бөлісті. Конференция барысында Қорқыт ата дәуірімен байыланысты көне түркі мұраларына қатысты, сондай-ақ тарихи шиндықты аңыз бен жырларда жеткізу мәселелері талқыланды.  Одан басқа, конференцияға қатысушылар түркітілдес халықтардың ортақ мәдениеті туралы пікір алмасты», - делінген жарияланымда.
Сонымен қатар Германиядан келген қонақтар түркі ағартушысының педагогикасына, ойларының тереңдігіне, шығармашылығына жоғары баға  берді. Олар Қорқыт ата шығармасын қазір неміс тілінде жариялау жоспарда екенін жеткізді.
Қазақстандық делегацияны Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гумантиарлық ынтымақтастықтың кең ауқымы талқыланды.
Одан басқа, конференцияға ұлы абыздың шығармашылығымен қызығатын әлемнің  әр елдерінен өкілдер қатысты.
Қорқыт ата – ІХ ғасырдағы түркілік ақын-жыршысы әрі композиторы, шыққан тегі Сыр бойындағы даладан. Қобызды жасаған, абыз, ақындар мен композиторлардың пірі. Қорқыт туралы аңыздар түркі халықтарының қыпшақтар (қазақтар мен қарақалпақтар) әсіресе оңтүстіктегі оғыз тармағында: түркімендер, әзербайжандар мен түріктерде кездеседі. Олардың барлығында да ортақ «Оғыз наме» халық эпосы бар.  


Жаңалықтармен бөлісу: