Ғалымдар Қызылорда облысында күріш өсіруден бас тартуды ұсынуда

Күні: 15:14, 04-04-2016.

Алматы. 4 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Ресей су шаруашылығы академиясының академигі, Қазақстан қолдандалы экология агенттігінің ғылым жөніндегі директор орынбасары Мәлік Бөрлібаев Қызылорда облысында күріш өсіруден бас тартуға шақыруда.
«Ауыл шаруашылық жайылымдықтарды, атап айтқанда, Қызылорда облысындағы күрішті алқапты суғаруға Сырдарияның суы пайдаланылады... 60-шы жылдарға дейін Сырдария су гидрокарбонатты класта болатын. Бірақ шаруашылық жүргізу барысында су өзінің класын өзгертіп, қазір ол сульфат-хлоридті-натрий тобына жататын болды. Ал ондай суды ішуге ғана емес, жер суғаруға пайдалануға тыйым салынады», - деді М. Бөрлібаев дүйсенбі күні «Су ресурстары және жұмыс орындары» атты әлемдік су ресурстарының жағдайына арналған БҰҰ баяндамасының тұсау кесерінде.  
«Ғалымдар Сырдарияның аяқ жағындағы ағынды суын пайдаланудан бас тартуды ұсынды (күрішті алқапты суғарудан – ҚазТАГ), себебі ол тек экологиялық емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі», - деді ол.  
Академиктің айтуынша, Қызылорда облысы ішек-асқазанның ракқа шалдығуынан Қазақстанда бірінші орында тұр.
«Сырдарияда нитриттер, ауыр металлдардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) балық шаруашылығы мәні бар су арналарының нормаларынан асып кетеді. Мен, мысалы, күрішті алқапты суғару үшін келетін су құрамында не бар екенін және оның ішек-асқазанда қатерлі ісіктерге апаратынын белген   «Ақ маржан» күрішін жемеймін», - деді М. Бөрлібаев.
Сондай-ақ ол Сырдария суы пайдаланылған өсімдік өнімдерін тамаққа пайдалану генетикалық мутацияларға апарады деп есептейді.
«Біз сонау 2002-2005 жылдары бүкіл Қызылорда облысында зерттеулер жүргіздік, сөйтіп, бала емізуші аналардың 90%-ның сүтінде пестицидтер мен гербицидтер барлығын анықтадық. Енді келіп, Қызылорда облысында генетикалық ауытқып туылатындардың барлығына таңырқауға бола ма?», - деп қадап айтты М. Бөрлібаев.
Оның пікірінше, Қызылорда облысының диқандары мал шаруашылығына өткені абзал.
«Кезінде, Ахметжан Есімов ауыл шаруашылығы министрі және вице-премьер кезінде «Ғалымдар, сіздер облыста жер шаруашылығының орнына не ұсынасыздар?» деген сауал тастаған еді. Біз қазақтың байырғы мал шаруашылығы барлығын айттық. Мал шаруашылығының өнімдері халық денсаулығына аз зиянын тигізген болар еді. Қазір әлем нарығы күрішке толы, ал біз қымбат та болса, өз күрішімізді өсірумен қатар халықты улап жатырмыз. Бұл келесі буынға қалай әсер етері белгісіз», - деп қадап айтты академик.
М. Бөрлібаевтың айтуынша, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бұдан он жыл бұрын жарияланған.
«Сіздер қызылордалық күрішті жеуден бас тартыңыздар», - деп қорытындылады М. Бөрлібаев.


Жаңалықтармен бөлісу: