Қандай мәдени ескерткіштер Астананың тарихи орындар картасына енеді, 2-бөлім

Күні: 18:09, 15-08-2017.

Астана.  15 тамыз. ҚазТАЗ – Елорда ресми сайтында қандай мәдени ескерткіштер Астананың тарихи орындар картасына енетіні туралы ой бөліседі. Елорда ресми сайтында жарияланған хабарда аиап көрсетілгендей, мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың жаңғыруына қатысты тоқталды.
Президент біздің көз алдымызда әлемде жаңа, көбіне түсініксіз, тарихи кезең басталатынын атап айтты. Қазіргі сана мен ойлау моделін сақтай отырып, алдыңғы топта орын алу мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Елбасының пікірінше, ХХ ғасырдың батыстық жаңғыру моделінің кемшілігі біздің уақыттың шынайылығына сай келмеу. Олар өздерінің ерекше тәжірибесін барлық халықтың ерекшеліктерін ескермей өркениетіне енгізді. Тіпті әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас¬тау алатын рухани коды болады.
-Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле¬рі¬нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі¬сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре¬тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, - деді Елбасы.
Бұл платформа халықтың кешегі, бүгінгі және болашағын байланыстыратын көкжиек екенін айтты.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау және насихаттау мақсатында елорда әкімдігі астананың тарихи орындарының картасын құрастырды. Бұл ескерткіштердің барлығы өткен ұрпақ құрған, уақыттың сынақтарына төзген баға жетпес рухани мұра болып табылады. Тарихи орындар карта құрамында елорда мәдениетінің терең тарихының айғағы болып табылатын бірегей тарихи-мәдени нысандар бар. Демек, Астана тек озық технологиялар мен жаңа идеялар тарту орны ғана емес, мәдени астана және тарихи фактілердің қайнар көзі.
Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына қалған мәдениет тарихындағы 10 ескерткішті ұсынамыз.
Көпес П.С.Силиннің тұрғын үйі, Кенесары, 35. Көпес П.С.Силиннің тұрғын үйі – екі қабатты, ғимарат жоспарында төрт бұрышты. Қаланың тарихи бөлігінде орналасқан. П.С.Силин – ХІХ-ХХ ғасырдағы Ақмола қаласының көпестік толқынның танымал өкілдерінің бірі. 1918 жылы бұл жерде Ақмола қаласы Қызыл армиясының екіншісі ротасы орналасты. ХХғасырдың 90-шы жылдары Президент істері басқармасының медициналық орталығы, 1997-98-ші жылдары – астананы көшіру бойынша комиссияның штабы болды.
Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенконың 2005 жылдың 19 мамырында Қазақстанға ресми сапары кезінде ғимаратта Беларустің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.
Архитектуралық-көркемдік шешім модерн элементтерімен классикалық стильде орындалды. Сәулеттік ғимараттың тектоникасы жиек тастардан төрт қырлы тірек көмегімен және мықты ернеуі есебінен ерекшеленеді.
Өзінің көзтартымды және ұстамды классикасымен назар аудартады.
Дәрігер Ф.И.Благовещенскийдің тұрғын үйі, Әуезов көшесі, 20а. Дәрігер Ф.И.Благовещенскийдің тұрғын үйі қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Кеңес кезінде ғимаратта облыстық орталық бухгалтерлік мектеп болды. Бүгінде үйде С.Сейфуллин атындағы музей әкімшілігі орналасқан.
Қала тарихында ескерткіш Ф.И.Благовещенский атымен байланысты (1881-1938 гг.), ол ординатор, дәрігер, қалалық аурухана жетекшісі болып жұмыс істеді. Бұдан бөлек, 1910 жылдан 1926 жылға дейін Ақмолада сот-медициналық сарапшы міндетін атқарды. 1923-1924 жылдары Ақмола балалар изоляторында еңбек етті. 1929-1930 жылдары Ақмола тубдиспансерінің меңгерушісі және өңірлік аурухананың аға кеңесшісі қызметтерінде болды.
Үй ағаш сәулет өнері болып табылады және ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басына тән эклектика стилін көрсетеді. Бұл ағаш кесіндісі жұқа тақтаймен қапталған және жоспарлы құрылыммен дәлізді клетпен орналастырылған.
Көпес үйі, 1846 ж. Бір қабатты ағаш үй, қаланың ескі орталығына жақын маңда – Сейфуллин көшесі мен Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан.
1846 жылы Ақмола облысының көпестер тобының өкілдерінің бірімен алынған тауарларға есеп жүргізу үшін жертөлесі бар кеңсе ретінде бір қабатты үй салынды.
ХХ ғасырда онда «Зорька» балабақшасы орналасты. 1988 жылы, 30 жыл өткен соң Сәкен Сейфуллин қайтыс болғаннан кейін ақталған соң, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Жрлығымен ғимаратта Сәкен Сейфуллин музейі ашылды. Бұл материалдық және рухани мәдениет тарихының ескерткіштер сақтау орны.
Үй бөренелерден төбесі биік қаптал шатырмен жасалған. Жақтаулармен өрнектеліп, көмкерілген терезелер ғимаратты сәнді әрі декоративті етіп тұр.
Қалалық басқарма ғимараты (М.Горький атындағы орыс драма театрының әкімшілік ғимараты) ХІХ ғасырдың соңы, Желтоқсан көшесі, 13. ХІХ ғасырдың соңында бой көтерген және сол уақытқа сай эклектика стиліне жатады. Бір қабатты үй, жертөлесі бар. Сыртқы келбеті жонылған қызыл кірпішпен өрнектеліп салу техникасы қолданылған. Мемлекеттік басқарма үшін тұрғызылған. Қаланың бірінші әкімшілік ғимараты болған. Басқарма Ақмола өмірінде маңызды саяси, қоғамдық, шаруашылық рөл атқарды.
Соғыс басталғанда ғимаратқа 59-шы атқыштар дивизиясының штабы оналастырылды. Одан кейін оның қабырғасында әртүрлі мекемелер болды, оның ішінде облыстық кітапхана да бар.
2003 жылы жөндеуден өткізілді. Алғашқы келбеті сақталды. Ғимарат тарихи және сәулеттік тұрғыда өте құнды саналады.
Гимназия, ХІХ ғасырдың соңы, Желтоқсан көшесі, 13 (М.Горький атындағы орыс драма театрының әкімшілік ғимараты) ХІХ ғасырдың соңында ғимарат гимназияға арналып салынды. Бұл екі қабатты құрылыс, қызыл кірпіштен, қызықты және өзіндік сәулетімен тұрғызылған. 1899 жылы Ақмоланың қалалық басқармасы және көпес-меценат С.А.Курбин ғимаратты театр үшін сатып алуға 100 рубль бөлген. 1899 жылы алғашқы тұрақты труппа құрылды. 1913 жылы бұл жерде Г.Аубакировтың татар труппасы жұмысын бастайды. Ол Романовтардың патшалығының 300 жылдық құрметіне «Жизнь за царя. Ивaн Сусанин» спектаклін қойған. 1918 жылы бұл сахнада С.Сейфуллин қазақ жастарының күшімен «Бақыт жолында» және де басқа да спектакльдер қойған. Майданның басталуына байланысты театр таралған.
Осы жылдың мамырында Ақмолаға пойызбен Ворошилов орыс драма театры келеді. Жергілікті труппа оның құрамына енді. Одан кейін оларға АЛЖИР-дің тұтқын әйелдер қатарынан актрисалар қосылды. Осы труппа негізінде 1943 жылы қазақ және орыс бөлімдерінен тұрған облыстық музыкалық-драма театр құрылды. 1955 жылдың 10 қыркүйегінде ҚАЗ ССР Мәдениет министрлігі Ақмола облыстық драма театрын ашу туралы бұйрық шығарды. 1959 жылы театрға Максим Горькийдің аты берілді.
Үш қабатты кірпіштен тұрғызылған театр ғимараты ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы классикалық стильдегі архитектура үлгісі болып табылады. Кеңес жылдарында (ХХ ғасырдың 50-шы жылдары) үшінші қабаты тұрғызылды. Сол жақ қанатындағы шатырында желтартқыш шаруашылығымен сахналық қорап салынды, қосалқы нысан аула алдына бой көтерді. Бұл ретте ғимарат алдындағы алдыңғы сәулеттік элементтер барынша сақталды.
Көпес М.К.Кубриннің сауда үйінің ғимараты, 1905-1907 ж.ж., К. Кенесары көш., 37. Көпес Кубрин Матвей Константиновичтің сауда үйінің ғимараты «Матвей Кубрин с сыновьями и КО» серіктестіктің сауда үйі ретінде салынды және әрдайым алғашқы өзінің мақсатында пайдаланылды. Революциядан кейін онда қалалық орталық кітапхана, орталық баспа, уездік экономикалық бөлім болды. 1944 жылы өрттің салдарынан барлық ағаш құрастырылымдары жанып кетті және дүкен 10 жыл бойы пайдаланылмай тұрды. 1950 жылы атқарушы комитет өртеніп кеткен әмбебап дүкенді қайта қалыпқа келтіру туралы шешім шығарды. Жарты ғасырға жуық бұл ғимаратта аспазхана және «Радуга» сауда дүкені болды. Қазір бұл жерде «Астана» сауда орталығы орналасқан.
1905-1907 ж.ж. бір қабатты ғимараттың сәулеттік стилі «модерн» стиліне жатады. Нысанның алдыңғы жағының қанаттары Кенесары және Бөкейхан көшелері бойымен орналасқан. Жалпы архитектуралық стилі мен сәулеттік бөлшектері бойынша петерборлық архитектура мектебін байқауға болады.
«Астана» концерттік залы (1999 жылға дейін – тың игерушілер сарайы, 2016 жылға дейін - Конгресс-холл), Кенесары көш., 32.
«Астана» концерттік залы қаланың ескі бөлігінің орталығында орналасқан, композициялы ансамбль ескі алаңмен түйіседі. Ғимарат құрылысы 1961 жылы басталып, 1963 жылы аяқталған. Ескерткіштің пайда болу себебі - Қазақстанда тың жерлерді игеруге байланысты. Ақпанда СССР Министрлер кеңесі Целиноградта тың игеру орталығы ретінде Тың игерушілер сарайын салу туралы шешім қабылдайды. Сарай латвиялық архитекторлар П. Ю.Фогедс, О. Н. Краукшс, Д. К. Даннеберг жобалары бойынша бой көтерген. Ол 2355 орынға есептелген және көлемі бойынша сол кезде СССР-де Кремль съезд сарайынан кейін екінші боып есептелді.


Жаңалықтармен бөлісу: