Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – 4-6 сәуір аралығында Қазақстанның басым облыстарында қар аралас жауын жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«4-6 сәуірде көптеген облыстардағы ауа температурасы климаттық нормадан 2-6ºС төмен болып, қар аралас жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақтанады», - делінген дүйсенбі күні «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған хабарда.
Бірақ 5-6 сәуірде батыс облыстарда жауын тоқтап, температура көтеріледі деп күтілуде.
4 сәуірде Астанада ала бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар жауады), көктайғақтанып, оңтүстік-батыстан басталып, солтүстік-батысқа ығысатын 9-14 м/с жел тұрады, түнде екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы 0ºС шамасында. Сәрсенбі күні ала бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз -2ºС.
Бейсенбі күні жауын-шашынсыз, батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа темпертурасы күндіз +1+3ºС болады.
Алматыда 4-5 сәуірде ала бұлтты, кейде жауын-шашын, тұман, 0-5 м/с және 2-7 м/с жел, ауа температурасы +8ºС. Бейсенбі күні жауын-шашынсыз, 0-5 м/с, күндіз ауа температурасы +6+8ºС.
Сондай-ақ Алматы облысының таулы аймақтарында қалың қар жаууы себепті дауылды ескерту жарияланды. Талас Алатауы мен Ұғам жоталарының тауларында 3-4 сәуірде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46