Қарағанды облысында Қазақстанның киелі жерлері картасына Жошы хан мавзолейін, Домбауыл және Әулиетау тауын енгізуді ұсынып отыр

Күні: 12:17, 05-07-2017.

Қарағанды. 5 шілде. ҚазТАГ – Қарағанды облысында Қазақстанның киелі жерлері картасына Жошы хан мавзолейін, Домбауыл және Әулиетау тауын енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгінге тізім анықталды, онда облысымыздағы осындай 40-тан астам жерлер бар», - деді облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттандыру басқармасының жетекшісі Еркебұлан Ағымбаев.
Оның айтуынша, ол тізім қарауға жіберілді.
«Меніңше, биыл жазда Астанадан комиссия келеді де сол жерлерді аралап көріп, қай жерлерді картаға енгізуді, немесе енгізбеуді шешеді», - деді ол.
Хабарда айтылғандай, Қазақстанның киелі жарлар картасына Жошы хан мавзолейін, Домбауыл және Әулиетау тауын енгізу ұсынылуда.


Жаңалықтармен бөлісу: