Қарағанды облысындағы Еркіндік аулында түйнеме ауруына байланысты карантин жарияланды

Алматы. 22 маусым. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Бірнеше тұрғыны түйнеме жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған Қарағанды облысындағы Еркіндік аулында карантин жарияланды, деп хабарлады облыстық бірыңғай жедел-диспечерлік қызметтен.
«Иә, онда (Еркіндік аулында – ҚазТАГ) барлығы жабық – карантин. Ауылдан шығатындардың барлығын зарарсыздандыруда, ауылға кіретіндер де зарарсыздандырылуда, шұғыл қажет болмаса, ауылдан ешкімді шығармайды.Онда ешқандай қозғалыс жоқ, егер болатын болса, олар вакциналациялануда», - деді диспечерлік қызметтен, сәрсенбі күні тілшінің карантиндік режим орналытғаны туралы қойған сауалына.
Бұл ретте «Қарағанды Су» ЖШС WhatsApp ұялы қосымшасы арқылы таратылып жатқан түйнеме ауруына байланысты, су құбырларын зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде деген хабарды теріске шығарды.
«Қарағанды Су» ЖШС ресми түрде су құбырларының түйнеме ауруына байланысты зарарсыздандырылып жатқаны туралы хабардың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», - делінген хабарда.
Бұл ретте қаланың су құбырлары жыл сайын жопарлы түрде профилактикалық мақсатта зарарсыздандырылатыны айтылады. Ауыз судың сапасы №209-шы санитарлық талаптарға сай. Қала тұрғындары тарапынан денсаулыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске салсақ, 19 маусымда 5 адам ерекше қауіпті инфекциялардың, оның ішінде түйнеме кеселінің таралу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Қажет зертханалық сынамалар алынды. Оның нәтижелері бірнеше күннен соң белгілі болады.
21 маусымдағы жағдай бойынша, Қарағанды облысында түйнеме жұқтырған деген  күдік тудыратын 8 оқиға, оның ішінде 2 адамның көз жұму оқиғасы тіркелді.
Ауырғандардың барлығы Шет ауданының Егіндік аулының тұрғындары. Болжам бойынша олар ірі қара мал сойғанда инфекция жұқтыруы мүмкін.

adimage