Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағанды облысы «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторының өліміне қатысты күдіктілер Қызылордада ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаменті қызметкерлерінің Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қылмыс 13 қаңтарда инспектордың Қарағанды облысы Нұра ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде болған еді», - деді дүйсенбіде ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Ол нақтылағандай, қазіргі таңда дәлелдерді жинау жене бекітуге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
«Күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді А. Садубаев.
Еске салсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында сағат шамамен 18.00-де «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Қарағанды облысының Нұра ауданының аумағына рейд жүргізу барысында атып алынған 5 киікті тапты. Рейд барысында Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлік табылды, соның бірі ұсталды. Автомобильді тексеру барысында белгісіз адамдар қарсылық көрсетті. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, пышақ жарақатын алса, екінші инспектордың миы шайқалып, ес-түсінен айырылды. Оны дәрігерлер құтқара алмады.
18 қаңтарда ІІМ-де хабарлағандай, адам өліміне күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланған. Ведомствода барлық күдіктілердің суреттері жарияланып, аты-жөндері аталған болатын: Ахметов Б.М., Шукилдиков Н.М. және Акшанов К.В.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада Кәрім Мәсімовтің тәркіленген элиталық үйі аукционға шығарылды
10 Ақпан 2025, 17:11 -
2024 жылдың IV тоқсанында орташа жалақы 10,5%– ға өсті - ҚР ҰСБ
10 Ақпан 2025, 17:09 -
Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
1 Қаңтар 2025, 00:53