Қарағандыда Кәкімбек Салықовты еске алу кеші өтеді

Күні: 16:01, 27-09-2017.

Қарағанды. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағандыда Кәкімбек Салықовты еске алу кеші өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, қарағандылықтарды Кәкімбек Салықовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Жезкиік» деген атаумен өтетін еске алу кешіне шақырады. Шара Кеншілер мәдениет сарайында сенбі, 30-шы қыркүйекте 18:00-де өтеді.
Кешке танымал шығармашылық тұлғалар – ақындар, музыканттар және әншілер шақырылды. Қонақтар қатарында: Серік Оспанов, Қорабай Есенов, Венера Базарбаева, Сейіл Аяғанов, Жағыпар Әлімханов, Сәкен Әлімханов, Ерболат Маханбет және «Көзкөргендер» ардагерлер ансамблі бар.
Кәкімбек Салықов (1932-2013) – кеңес дәуірінің мемлекеттік және саяси қайраткері, ақын. Солтүстік-Қазақстан облысының тумасы өзінің еңбек жолын Қазақстан Компартиясының Жезқазған қалалық комитетінде бастап, облыстық деңгейге дейін көтерілген. Бес жыл аралығында (1984-1989) Өзбекстан Компартиясының Қарақалпақ обкомының бірінші хатшысы лауазымында болған.
1977-ші жылы оның бірінші өлеңдер жинағы басылып шыққан болатын. 1981-ші жылы ол қырғыз тілінде «Нұрлы күндер» атты кітабы, ал 1983-ші жылы – өзбек тілінде «Жезкиік» жинағы шықты.


Жаңалықтармен бөлісу: