Қарағандыда халықаралық айтыс өтеді

Қарағанды. 17 тамыз. ҚазТАГ - Жексенбі, тамыздың 20-да Кеншілер мәдениет сарайында қазақтың ғұлама биі Қазыбек Келдібекұлының 350 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, сахнаға 16 айтыскер шығады. Олардың қатарында – Айбек Қалиев, Аманжол Әлтай, Сара Тоқтамысова, Дидар Кәмиев, Мейірбек Сұлтанхан секілді танымал ақындар, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің айтыскерлері болады.
Ақын-айтыскерлердің салтанатты кездесуі Кеншілер мәдениет сарайының алдында 10:00-де болады. Айтыстың басталуы 11:00-де, билеттерді КМС кассасынан сатып алуға болады.
Айтыстың тікелей трасляциясын Кеншілер мәдениет Сарайының алдында орнатылған жарық диодты экраннан көруге болады.

adimage