Қарағандылықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болып жатыр

Қарағанды. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағандыда 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында 5 мың шаршы метр баспана тапсырылып, 56 отбасы баспаналы болды.
«Адам  үшін барлығы баспанадан басталады. Адамның өз үй болса, әлемдегі барлығы басқаша көрінеді, адам басқаларлы жарқын ашық бояулармен көреді», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхаммед Әбдібеков пәтер кілттерін салтанатпен тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Биыл Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы 400-ден астам отбасы бапана алды. Барлығы 15 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Негізінен пәтерлерді тұрақты кірісі бар мемқызметкерлер алды.
«Шаршы метрдің құны 100 мың теңге. Ол - тұрақты, долларға не болмасын өзгермейді. Ол өте тиімді. Мөлшерлемелер де өзгермейді. Орташа алғанда бағдарламаға қатысушылар айына екі бөлмелі пәтер үшін 30 мың төлеп отырады», - деді ТҮҚЖБ қарағандылық филиалының директоры Болат Бекишев.
Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы құрылыс көлемі қысқармайды. Қазір Қарағандыда 500-ден астам отбасы тұрғын үй бағдараламасына қатысып отыр.
«Біз ары қарай да құрылыс сала беріміз, ешқандай құлдырау жоқ. «Метро» дүкенінің артында «Панель  центр» атты ықшамаудан салынады. Онда 70% салынған. 2017 жылы толығымен пайдалануға тапсырамыз. Мөлшерлеме бұрынғысынша қалады!», - деп қадап айтты Б. Бекишев.

adimage