Араб мал мамандары Маңғыстауда түйе өсіруге көмектеседі

Ақтау. 27 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында түйе өсіруде Біріккен Араб Әмірлігінің тәжірибесі пайдаланылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз олармен келістік, олар бізге түйелерді жем-шөппен қоректендіруді, асылдандыру мәселесі туралы айтып береді. (...) Мамыр айында бізге Дубайдан үлкен делегация келе жатыр. Бірақ біздің оларға көрсететін түгіміз де жоқ болып шықты. Статистика бойынша бізде түйе шаруашылығы бар болғанымен, іс жүзінде ол жоқ екен. Таушықта шаруашылық бар бірақ, онда барлығы да қарабайыр деңгейде. Сондықтан да біз олардан өздерінің ноу-хауымен бөлісуін сұрадық», - деді «Каспий ӘКК» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ибрагим Тағашев.
Оның айутынша, 2014 жылы мамырда Дубайға жасалған сапар барысында шөлде екі ферма жұмысымен танысыпты: сиырмен аралас және үлкен түйе шаруашылығы.
«Олардағы жағдай біздікінен де нашар. Жем-шөпті олар Испаниядан әкеледі және түйе сүтінің 15 түрін шығарады. Тағы бір таза түйе фермасында 5 мың түйе бар», - деді ӘКК басшысы.
Хабарда айтылғандай, өңірде түйе фермасын ашып, оған түйелерді жеке тұлғалардан жалға алмақшы.
«Егер біз осы бағытты дамытқымыз келсе, жеке түйе фермасын ашып, халықпен бірге жұмыс жасауға кіріспекшіміз. Мысалы, егер бір фермерді түйе бар болса, олар оны үйлерінде сауып, сүтін сатуда. Ал біз ол түйенің фермада сауылып, сүтін бізге әділ бағамен сатқанын қалап отырмыз», - деді И. Тағашев.

adimage