Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың бірінші жартысында басталады - Қарабалин

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қашағанда мұнай өндірісі бәрі сәтті болатын болса, 2016 жылдың бірінші жартысында басталады, деп мәлім етті ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.
«Егер бәрі сәтті болса, мұнай өндірісі 2016 жылдың бірінші жартысында басталады, екінші нұсқада, газ құбырының құрылысы толығымен аяқталуын ескеретін болсақ – 2016 жылдың екінші жартысы, бірақ ол мәліметтер әлі нақтыланады», - деді Ұ. Қарабалин сәрсенбі күнгі брифингте.
Министрдің айтуынша, газ және мұнай құбырларындағы дәнекерленген жерлерде орын алған жарықшақтар ол жұмысты атқарушының не дұрыс дәнекерлемеуінен, не дәнекерлеу технологиясын дұрыс таңдамаудан болуы мүмкін.
«Мердігер кейін құбыр ішін диагноздан өткізгенде ол газ және мұнай құбырларын толығымен алмастыру керектігі анықталды. Ол дегеніңіз 200 км газ және мұнай құбырын жаңадан сатып алып, және оны қайтадан салу керек деген сөз», - деді Ұ. Қарабалин.
Оның айтуынша, құбыр шығаратын зауыттарда ол зерттеулер әлі аяқталған жоқ.
«Мердігердің базалық жоспары бойынша жаңа құбырларды шығара бастау биылғы тамыз айында басталып, 2014 жылы желтоқсанда ол жеткізіле бастайды», - деді ол.
Министрдің айтуынша құбырларды алмастыруға кететін шығын кейін есептеледі екен.
«Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім және Қашаған мұнайын коммерциялық өндіруге қажет ондағы қосымша 1 және 2 кезектегі шығындар туралы келісім бойынша, оның ішінде 2013 жылғы 1 қазаннан бері шығындар мен жаңа құбырларды сатып алуға кететін шығындар қайтарылмайды және қатысу үлесіне қарай серіктестер арасында өзара бөлініп берілуі тиісті», - деді ол.
Оның айтуынша, консорциум шығындарды азайту бағытында жұмыс жасауда.
«Қашағанның тоқтап тұруы себепті мердігер төлеуі тиіс төлемдерге келсек, 2012 жылғы толықтыру келісіміне сай қашағандық коммерциялық мұнай өндірісі тоқтап тұрған әр тоқсан үшін мердігер мемлекетке 30 млн доллар төлеуі тиісті», - деді Ұ. Қарабалин.  
Еске салсақ, Мәскеуде өткен Дүниежүзілік 21 мұнай конгресінде Ұ. Қарабалин Қашағанда мұнай өндірісі 2015 жылдың аяғына дейін басталмауы мүмкін деп мәлім еткенді.
Еске салсақ, Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды. Алайда 24 қыркүйекте D аралынан «Болашақ» мұнай-газ кешендік дайындау қондырмасына (МГКДҚ) қарай жүретін газ құбырын жоспарлы тексеру барысында зауытта 2,5 км жердегі санитарлық-қорғаныс аймағы ауданында газ жылыстауы анықталған. Төтенше жағдайлар департаменті мен тиісті бақылаушы органдар бұл жөнінде тез арада хабардар етілген болатын. Құбыр желісіне рұқсат қамтамасыз етіліп, тиісті қиылыстардың ауыстырылуы жасалды.
Өндіріс қайта жанданды, бірақ 2013 жылдың 9 қазанында жылыстау анықталған соң қайта тоқтатылды. Зақым келген байланыстарды жөндеген соң толық бақылаумен су сынағы өткізіліп, келешекте жылыстауы мүмкін басқа да орындар анықталды. Өндіріс тоқтатылды, мұқият тергеу басталды.
Апаттық құбырларға жасалған тексерудің алдын ала қорытындысы бойынша «құбырлар жарықшақ туындаған жердегі кернеуден құбырлардың тым қатлығынынан сульфидтік шытынау орын алғанын» көрсетеді.
Осыған байланысты Атырау облыс әкімшілігіндегі дерек көзінің хабарлауынша, жұмысты сапасыз орындаған деген күдікке Қазақстан үкіметінің мүшелері Ерболат Досаев пен Нұрлан Қаппаровтың компаниялары іліккен.
«Ерсай («Ерсай Каспиан Контрактор» - ҚазТАГ) Saipem-дегі итальяндықтармен тығыз байланыста, олар министрлер Досаев пен Қаппаровтың компаниясының үлесінің жартысына ие. Итальяндықтар құбырларды төсеу мен дәнекерлеу бойынша бас мердігерлер болып табылады. Әрине, Досаевтың «Ерсайдың» бұл операцияларға қатысы жоқ деуі, мүмкін, рас та шығар. Дегенмен Атырауда олардың қосалқы мердігер ретінде құбырлардың құрылысы барысында қорғау жамылғыларын жағуға қатысқанын біледі. Бұл туралы олар кезінде компанияларының сайтында ресми жариялаған да болатын», - деп атап өтті кен орнындағы жұмыс өндірісімен таныс облыстық әкімшіліктегі дереккөз.

adimage